Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Кентаулық полицейлер үйіне есірткі сақтаған ер адамды ұстады

Кентаулық полицейлер үйіне есірткі сақтаған ер адамды ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz

Кентау ҚПБ қызметкерлері «Қарасора – 2022» жедел-профилактикалық шарасы кезінде тұрғынның өз ауласына есірткі сақтағанын анықтады.

Аталған жайт Қазақстан Республикасы ҚК-нің 296-бабы (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) қылмыстық құқық бұзушылық бойынша тіркелді.

Кентаулық полицейлер хабар алысымен аталған мекенжайға шұғыл жетіп, тұрғын үйге тінту жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде, күдіктінің ауласында орналасқан сарай ішінен пакетке оралған есірткіге ұқсас затты айғақ ретінде тәркілеп, тиісті сараптамаға жіберді.

Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 50 грамм болатын кептірілген марихуана болып шықты. Күдікті өз сөзінде есірткіні өзі қолдану мақсатында сақтағанын айтты.

Қазіргі таңда аталған жайтқа байланысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Алдағы уақытта полиция қызметкерлері күдікті ер адамның басқа да қылмыстық жайттарға қатысы бар-жоғын анықтауда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру