Кентаулық полицейлер жаяу жүргіншіден есірткі тапты
Кентаулық полицейлер жаяу жүргіншіден есірткі тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz
Кентау қалалық полиция бөліміне жергілікті тұрғыннан хабарлама келіп түсті. Онда тұрғын үйінің жанында әлде біреудің есірткіге ұқсас затты қолданып отырғанын жеткізген. Полицейлер ақпарат алысымен тез арада іске кірісті.
Аталған жайт ҚР ҚК-нің 296-бабы (Есірткі құралдарымен, психотроптық заттармен, олардың аналогтарымен сату мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) бойынша тіркелді.
Хабарламада көрсетілген жайтты анықтау мақсатында оқиға орнына Кентау ҚПБ-ның қызметкерлері шығып, шұғыл тексеру жұмыстарын жасады. Осы жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде, күдікке ілінген азамат көшелердің бірінен ұсталды. Оның жеке басына тінту жүргізу кезінде шалбарының сол қалтасынан пакетке оралған жасыл түсті есірткіге ұқсас ұнтақ табылды.
Сараптамаға жолданды. Оның салмағы 15 грамм болатын кептірілген марихуана екені белгілі болды. Күдікті өз жауабында аталған есірткі затын тауып алғанын жеткізді. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Оқиғаның толық мән-жайы Кентау ҚПБ қызметкерлерімен анықталатын болады.