Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Кентаулық тұрғынның атына заңсыз несие рәсімдеген күдікті анықталды

Кентаулық тұрғынның атына 2 млн теңгеге жуық несие рәсімдеген күдікті анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Кентау қалалық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Ол өз арызында белгісіз біреу құжаттарын пайдаланып, түрлі банктерден 2 млн теңгеге жуық несие рәсімдеген.

Аталған фактіні полицейлер ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркеуге алды.

Кентаулық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында алматылық тұрғынды анықтап, ұстады. Анықталғандай, жәбірленуші күдіктінің төмен пайызбен несие шығарып беремін деген сөзіне сеніп, алдын ала құжаттарын берген. Ал күдікті ер адам оның құжаттарын пайдаланып, ірі көлемде несие рәсімдеп алған.

Қазіргі таңда күдікті қамауға алынып, оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру