Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Кербұлақ ауданының полицейлері ауыл сыртындағы су құбырларын ұрлаған жергілікті тұрғынды ұстады

Кербұлақ ауданының полицейлері ауыл сыртындағы су құбырларын ұрлаған жергілікті тұрғынды ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жергілікті полицейлердің көмегіне жүгінген Самен ауылының 70 жастағы тұрғыны ауыл сыртындағы егіс алқабынан белгісіз біреудің 12 метрлік су құбырларын алып кеткенін хабарлаған. Қарияның арызы негізінде жедел іздеу жұмыстарын жүргізген тәртіп сақшылары қылмысқа қатысы бар деген күдікпен Кербұлақ ауданы Шанханай ауылының 1978 жылы туған тұрғынын ұстады.

– Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікке ілінген 43 жастағы тұрғын өз кінәсін мойындады. Қазір оның өзге қылмыстарғы қатысы бары тексерілуде. Тергеу аяқталғанша күдікті мекенжайын өзгертпеу туралы міндеттеме салынды, – деді Кербұлақ АПБ бастығы Ербол Ахметқалиев.

Тәртіп сақшылары тергеу барысында қолды болған су құбырларын тауып, қылмыстық іс материалдарына айғақзат ретінде тіркеді. Қолды болған барлық құбырлар аман-есен заңды иесіне қайтарылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру