Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

«Кешкі уақытта тонайды»: Қарағандыда бірнеше қылмыс жасаған екі күдікті қолға түсті

Қарағандыда бірнеше ұрлық жасаған екі күдікті қолға түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

11 мамыр күні Қарағанды қалалық ПБ-на қарасты Октябрь полиция бөліміне 48 жастағы қала тұрғынынан арыз түсті. Жәбірленуші азамат арызында кешкілік уақытта жұмыстан үйіне қайтып келе жатқанда оған белгісіз біреулер шабуыл жасап, күш қолданып, әмиянымен ұялы телефонын тартып әкеткенін жазған. Оған келтірілген шығын көлемі 128 мың теңгені құраған. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 191-бабына (Тонау) сәйкес қылмыстық іс қозғалды.

15 мамыр күні осыған ұқсас тағыда екі қылмыс тіркелді. Бірніші жағдайда белгісіз адамдар 37 жастағы азаматқа қатысты ашық тонау жасап, кейін 38 жастағы қала тұрғынына қатысты қылмыс жасаған. Күдіктілер қылмыстық әрекеттерін кешкілік уақытта, сондай-ақ жалғыз жүрген адамдарға қатысты жасап отырған. Жәбірленушілерден құнды заттарын тартып алып отырған күдіктілер бірден ол жерден іздерін жасырған.

18 мамыр күні Октябрь полиция бөлімінің криминалдық полиция қызметкерлерінің жедел әрекеттерінің арқасында аталған қылмыстарға қатысы бар деген күдікпен 20 жастағы екі ер адам ұсталды. Олар мойындау көрсетпе белгілерін беріп, айғақ заттар тәркіленді. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру