Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Кибершабуылдарды талдау және тергеу орталығының өкілдері Ұлттық ұланда ақпараттық сағат өткізді

Қазақстан Республикасы ІІМ Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығында кибершабуылдарды талдау және тергеу орталығы өкілдерінің қатысуымен "Киберқауіпсіздік және кибер алаяқтық" тақырыбында ақпараттық сағат өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Орталық сарапшысы Диас Әбдіғазизов әскери қызметшілерге желідегі ең өзекті қауіптер мен кибер алаяқтардың схемалары туралы айтып берді. Ол шабуылдаушылар жәбірленушілердің атына электрондық цифрлық қолтаңбаларды (ЭЦҚ) қалай ресімдей алатынын және микроқаржы ұйымдарынан кредиттің қалай алынатынын егжей-тегжейлі түсіндірді. Сондай-ақ әскерилер ақпараттық сағат аясында өздерінің әлеуметтік желілерін сауатты қорғауды, смартфон мен компьютерді қауіпсіз пайдалануды үйренді.

Цифрлық қауіпсіздік және дербес деректерді қорғау мәселелеріне ерекше назар аударылды. Орталық мамандарының айтуынша, цифрлық сауаттылықты арттыру әрбір адам үшін де, жалпы қоғам үшін де киберқауіпсіздіктің маңызды шарты болып табылады.

Айта кету керек, іс-шара әскери қызметшілердің ақпараттық қауіпсіздік саласындағы білім деңгейін арттыруға едәуір ықпал етті және ҚР ІІМ Ұлттық ұланының бейінді сараптамалық ұйымдармен ынтымақтастығының маңыздылығын көрсетті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру