"Киік" жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды
Қызылорда облысының аумағында "Киік" жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің нұсқауына сәйкес браконьерлікті, биологиялық ресурстар объектілерінің заңсыз айналымын анықтау және жолын кесу мақсатында биылғы жылдың 1 желтоқсанынан бастап "Киік" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Іс-шараның мақсаты - табиғатты қорғау заңнамасын бұзуды, биологиялық ресурстар объектілері мен өнімдерінің заңсыз айналымының алдын алу, анықтау болып табылады.
Іс-шара желтоқсанның 31-іне дейін жалғасады.