Кір сабын ішіне жасырған: Қызылордада сотталғанға телефон жеткізбек болған күдікті анықталды
Қызылордада жазасын өтеушіге кір сабын ішіне телефон жасырып өткізбек болған күдікті анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №37 мекемеде жазасын өтеп жатқан сотталғанға қысқа мерзімді кездесуге келген танысының алып келген сәлем-сауқаттарын тексеру барысында мекеме қызметкерлері ерекше қырағылық танытты. Тексеру нәтижесінде кір сабынның ішіне жасырылған телефон табылды.
Телефон — сотталғандардың пайдалануына тыйым салынған заттардың қатарына жатады. Телефонды мекеме аумағына енгізуге әрекеттенген азаматқа қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 481-бабына сәйкес құжаттар сотқа дайындалуда.
Қызметкерлердің дер кезінде қабылдаған шараларының арқасында мекемеге тыйым салынған заттың өтіп кетуіне жол берілмеді.