Көкнәр еккен тұрғын жауапқа тартылды
Түркістан облысының полицейлері кезекті көкнар егістігін жойды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Сарыағаш аудандық полиция бөлімшесінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шарасы аясында ауыл тұрғынының ауласынан құрамында есірткі заты бар заңсыз егілген өсімдікті анықтаған.
Ол бұрын сотты болған Сарыағаш ауданының тұрғыны болып шықты.
Тінту кезінде тәртіп сақшылары күдіктінің бау-бақшасынан 220-дан астам көкнарға
ұқсас есірткі өсімдіктері табылған. Айғақты зат ретінде жедел уәкілдер марихуанаға ұқсас төрт түп тәркіледі. Құрамында есірткі заты бар өсімдіктердің жалпы салмағы шамамен 17 келі құрады.
Аталған жайт Сарыағаш ауадндық полиция бөлімшесінің сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне ҚР Қылмыстық кодексінің 300-бабы (құрамында есірткі заттары бар өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру) бойынша тіркелді.
Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері істің толық мән-жайын анықтайды. Күдікті қамауға алынды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.