Көкшетау полицейлері елде құжаттарын жоғалтып алған Молдова азаматына көмектесті
Көкшетау полицейлері елде құжаттарын жоғалтып алған Молдова азаматына көмектесті. Енді жақын уақытта шетелдік азамат отбасына қайта оралады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шетелдік азаматты тәртіп сақшылары құжаттары мен жеке заттары болмаған сәтте кездестірген. Полицейлердің қызметті адал атқаруының арқасында Виталий Николаев әйелі мен қызына оралады. Бұл таңғажайып оқиға тамыз айында Көкшетауда қуанышпен аяқталды. Молдова азаматы Виталий Николаев Астанаға Ресей Федерациясының Мәскеу қаласынан ұшып келді. Әрі қарай ол Петропавл қаласына пойызбен барды, ол жерден Ресей астанасына оралуды жоспарлады, алайда ол сол пойызға кері бағытта отыруға мәжбүр болды.
Жол бойында ер адам кездейсоқ жолаушылармен бірге алкоголь ішіп, Көкшетау қаласының станциясынан түсіп қалған. 13 тамызда таңғы сағат 08.00 шамасында Көкшетау қаласы полиция басқармасының қабылдау-тарату мекемесінің қызметкерлері Виталийді Автогородок шағын ауданындағы көшеде тоқтатты. Абдырап қалған ер адамның мінез-құлқы полицейлердің назарын аударды, оның үстінде тек шорт пен футболка болды. Әңгіме барысында ер адамның Көкшетауда қалай болғанын есіне түсіре алмағандығы, жеке құжаттары мен заттары да жоқ екені белгілі болды.
Кейінірек қабылдау-тарату мекемесінің қызметкерлері шетелдіктің әйелі мен қызы бар екенін және олар Мәскеуде тұратындығын анықтады, бірақ есімдерден басқа, не тұрғылықты мекенжайын, не телефон нөмірлерін Виталий айта алмады. Туыстарымен байланысқа шығу үшін бөлімше бастығы Айбек Баймұратов әлеуметтік желілерге жүгіну туралы шешім қабылдады.
Танымал Одноклассники желісі арқылы полиция қызметкері В.Николаевтың жұбайының профилін таба алды, алайда бұл үшін көптеген пайдаланушыларды қарап, бірнеше хабарлама жазуға тура келді. Іздеу «Бүркіт» ақпараттық жүйесі арқылы да жүргізілді. Осы уақыт ішінде Николаев қабылдау-тарату мекемесінде полиция қызметкерлерінің қамқорлығы мен бақылауында болды. Біраз уақыттан кейін қабылдау-тарату мекемесінің қызметкерлері Виталийдің отбасының мекенжайын анықтады, бірақ олармен байланысу мүмкін болмады.
Мұнда Виталийге көмек Көкшетау қаласы полиция басқармасының басқа қызметкері Саябек Жакулиннен келді, ол қазіргі уақытта Мәскеудегі ІІМ академиясында оқып жатыр. Полиция қызметкері тұрғылықты мекенжайына жеке өзі барып, сол жерден Көкшетауға бейнеқоңырау арқылы хабарласты.
Белгілі болғандай, Ақмола облысында Николаевтар отбасының алыс туысы тұрады және 13 қыркүйекте дәл бір айдан кейін Виталий Валерьевич өзінің туыстарымен бірге қабылдау-тарату мекемесінен кетті. Енді ол үйге қайтады. Полицейлерге жүгінген шетелдік азамат оларға көмек пен қолдау көрсеткені үшін шын жүректен алғыс айтып, шет елде көмексіз жалғыз қалудан қорқатынын мойындады.