Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көкшетау полицейлері коммуналдық қызмет өкілдерімен бірге абаттандыру мәселелерін талқылады

Көкшетауда полицейлер, коммуналдық қызмет өкілдері және жергілікті тұрғындар абаттандыру мәселелерін талқылады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

22 шілдеде Көкшетау қаласының Застанционный кентінде жергілікті полиция қызметкерлері және «Таза қызмет» ЖШС өкілдерінің елді мекен тұрғындарымен кездесуі өтті.

Бейресми іс-шарада тұрмыстық қалдықтарды жинау алаңдарына қызмет көрсету, ҚТҚ үшін контейнерлерді ауыстыру, қатты тұрмыстық және ірі габаритті қалдықтарды уақытылы әкету жөніндегі проблемалық мәселелер қаралды, сондай-ақ көптеген тұрғындарды толғандыратын қаңғыбас иттер тақырыбы талқыланды.

Кездесу қорытындысы бойынша ПД ЖПҚБ табиғатты қорғау полициясы бөлімі тиісті қызметтердің тапсырмасы бойынша облыстық ветеринария басқармасына оларды аулау бойынша тиісті шаралар қабылдау үшін қысқа мерзімде қаңғыбас, иесіз жануарлардың бар-жоғына Застанционный кентіне тексеру жүргізу үшін хат жолдады.

Полиция қызметкерлері өз кезегінде құқық бұзушыларға қатысты белгіленбеген жерлерде қоқыс шығару және басқа да бұзушылықтарды анықтау бойынша әкімшілік сипаттағы жұмысты күшейтетін болады.

Жалпы 2024 жылдың басынан бастап ҚР ӘҚБтК 505-бабы бойынша Ақмола полицейлері 6 мыңнан астам құқық бұзушыны әкімшілік жауапкершілікке тартты. Оның ішінде 2 мыңға жуығы Көкшетау қаласындағы құқық бұзушылықтар.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру