Көкшетау полицейлері тұрғындарға электрлі самокаттарды пайдалану ережелерін еске салды
Көкшетау полицейлері тұрғындарға электрлі самокаттарды пайдалану ережелерін еске салды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Көкшетау қаласында электрлі самокаттарды пайдаланушылар артып келеді. Полиция жүргізушілермен де, самокатты сатушылармен де профилактикалық жұмыс жүргізіп жатыр. Тәртіп сақшыларының міндеті – жолдағы ЖКО мен басқа да жанжалды жағдайлардың алдын алу.
Айта кету керек, электрлі самокаттар мопед санатына жатады. Мопед көлемі 50 текше см-ден аспайтын, ішкі жану қозғалтқышымен жабдықталған немесе ең жоғары жылдамдығы сағатына 50 км-ге дейін дамитын электр қозғалтқышымен жабдықталған екі немесе үш доңғалақты көлік құралы. Бұл көліктерге электр самокаттары да жатады. Бұл көлік құралдарын басқаратын адамдар жүргізуші саналады, сондықтан олар жол ережелерін білуі және сақтауы тиіс.
Мысалы, Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшалардың бірінде Көкшетауда самокат мінген белгісіз жеңіл жарақат алғаны жөнінде хабарлама жарияланды. Әрине, ең алдымен, мұндай көлік құралының қауіпсіздігі үшін пайдаланушының өзі жауап береді. Жол – қателікті кешірмейді. Полиция қызметкерлері аса сақ болуды еске салады.