Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көкшетау полицейлері ұрлық қылмысының бетін ашты

Көкшетау полицейлері ұрлық қылмысының бетін ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Белгісіз адам көпқабатты үйдің ғимаратына кіріп, сол жерден лифт компоненттерін – басқару панелі мен кабельді ұрлап кеткен. Залал сомасы 65 мың теңгені құрады.

Оқиға 12 тамызда Көкшетау қаласындағы көпқабатты үйлердің бірінде болған. Түнгі сағат 03.40-та үй тұрғыны бөлшектерді ұрлап кеткенін анықтап, бұл туралы полицияға хабарлады. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері күдіктіні анықтады, ол 20 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты.

Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру