Көкшетау полицейлері вейптерді заңсыз сату фактісін тоқтатты
Көкшетауда полиция қызметкерлері вейптерді заңсыз сатуды тоқтатты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
19 шілдеде Көкшетау қаласындағы ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жергілікті массаж салоны әкімшісінің вейптерді заңсыз сату фактісін анықтады. Әйел ойын-сауық мекемесінің клиенттеріне тыйым салынған тауарларды сатқаны анықталды.
Осы фактіге қатысты ҚР ҚК 301-1-бабы 1-бөлігі (Электрондық тұтыну жүйелерінің айналымы) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Полицейлер 20 маусымынан бастап ҚР заңнамасымен шегілмейтін темекі өнімдерін, вейптерді, хош иістендіргіштер мен сұйықтықтарды сатуға, таратуға, сондай-ақ оларды жарнамалауға тыйым салынғанын еске салады.
Вейптердің заңсыз саудасымен күресу үшін полиция қызметкерлері рейдтік және алдын алу іс-шараларын жүргізуде, интернет-кеңістікке бақылау күшейтілді.
Құқық қорғау органдары азаматтарды күдікті адамдар мен заңсыз сату жүзеге асырылуы мүмкін жерлер туралы хабарлауға шақырады.