Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көкшетау тұрғыны 5 млн теңгесін алаяқтарға беріп қойды

Көкшетау тұрғыны 5 млн теңгесін алаяқтарға беріп қойды, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Көкшетауда полицейлерге жергілікті тұрғыннан алаяқтық туралы арыз түсті. Айтуынша, 19 тамыз күні түстен кейін оған белгісіз біреулер қоңырау шалып, қызы жол апатына түсті деген жалған ақпарат жеткізген. Көмек қажет деген сылтаумен алаяқтар жәбірленушіден 5 миллион теңге иемденген.

Жедел-іздестіру барысында Алматы қаласының екі тұрғыны анықталды. Қазір сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Полиция кез келген жағдайда сақ болуға шақырады. Есіңізде болсын, алаяқтар эмоцияға беріліп, асыққан сәтті пайдаланады. Қырағылық пен салқынқандылық — қаржыңызды сақтап қалудың ең басты кепілі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру