Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көкшетау тұрғыны аса ірі көлемде гашиш сақтағаны үшін ұсталды

Көкшетау тұрғыны аса ірі көлемде гашиш сақтағаны үшін ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Күдіктіні ұстау «Құқықтық тәртіп» республикалық жедел алдын алу іс-шарасы аясында жүзеге асырылды.

Мәселен, облыстың тәртіп сақшылары жылдың басында облыс орталығының тұрғыны есірткі заттарын сақтайтыны, мүмкін, сатумен айналысатыны туралы ақпарат алды.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында жедел уәкілдер үйдің ауласында 27 жастағы қала тұрғынын ұстады, онда есірткі заты бар 4 полиэтилен түйіншегі, сараптама қорытындысы көрсеткендей, «гашиш» тәркіленді. Тінту барысында полиция қызметкерлері осындай зат салынған 12 сіріңке қорабын тәркіледі. Алынғанның жалпы салмағы 350 грамнан асты, бұл аса ірі мөлшерге жатады.

 – Бұл факт ҚР ҚК-нің 296-бабының 4-бөлігі (Есірткі заттарын аса ірі мөлшерде заңсыз сақтау) бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Ер адам Көкшетау қалалық ПБ уақытша ұстау изоляторына қамалды. Облыс орталығының аумағына есірткі құралдарын жеткізу арнасын анықтау бойынша жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілуде, – деп түйіндеді Ақмола облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының орынбасары Виталий Гудыменко.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру