Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көкшетау тұрғыны көмек берген полицейлер мен жүргізушілерге алғыс айтты

Көкшетау тұрғыны көмек берген полицейлер мен жүргізушілерге алғыс айтты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Көкшетау қаласының тұрғыны қиын жағдайға тап болған сәтте қол ұшын созған патрульдік полицейлерге және жолда өткен жүргізушілерге шынайы алғысын білдірді. Ақжар ауданынан үйіне қайтып келе жатқанда ол жолдың бұзылған бөлігінен өтіп, көлігінің дөңгелек дискін зақымдаған. Авариялық шамдарын жаққанымен көптеген жүргізуші тоқтамай өтіп кеткен.

Тек Audi автокөлігін тізгіндеген бір жас жігіт жағдайды білу үшін тоқтағанымен, қажетті құралдары болмаған. Нақтылы көмекті патрульдік полиция батальонының қызметкерлері – Ратбек Қисамединов пен Ілияс Қайыргелді сондай-ақ КамАЗ жүргізушісі көрсетті. Көкшетау тұрғыны оның есімін білмесе де, мемлекеттік нөміріндегі "751" цифрларын есте сақтап қалған.

Полицейлер өз кезегінде жүргізушілерді қала сыртындағы автожолдарда барынша сақ болуға, көлік құралдарының техникалық жай-күйін бақылап отыруға, қажетті құралдарды өзімен бірге алып жүруге және жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру