Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көкшетау тұрғыны туып алған жеке куәлік иесінің атына бірнеше несие рәсімдеген

Көкшетау тұрғыны туып алған жеке куәлік иесінің атына бірнеше несие рәсімдеген, – деп хабарлайды Polisia.kz.

17 ақпанда Көкшетау қаласының Полиция басқармасына Нұр-Сұлтан қаласының 40 жастағы тұрғынының 2021 жылдың наурыз айында белгісіз тұлға алдау жолымен 215 мың теңге сомасындағы ақша қаражатын иемденгені туралы өтініші келіп түсті. Бурабай кентінде демалып жүрген елорда тұрғыны жеке куәлігін жоғалтып алған. Сот орындаушылары қарызды төлеуді талап етіп, жәбірленушіге қоңырау шала бастағанда, қарызға ақша алмаған ер адам полицияға жүгінді.

Жедел-іздестіру шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдіктінің жеке басын анықтады. Ол бұрын сотталған Көкшетау қаласының 38 жастағы тұрғыны болып шықты. Ол өтініш берушінің жеке куәлігін тауып, оны пайдаланып, банктердің бірінде несие картасын ашқан. Кейін жеке куәлігін және осы картаны көрсете отырып, ол үш микронесиелік ұйымда жәбірленушінің атына қарыз ресімдеген.

ҚР ҚК 190-бабы 2-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру