Көкшетау тұрғыны “жоқ” көлікті 4 миллион теңгеге сатып алды
Көкшетау қаласының тұрғыны алаяққа алданып, көлік сатып алу мақсатында 4 миллион теңгесінен айырылды,-деп хабарлайды Polisia.kz.
Қала тұрғыны алаяқтардың құрбаны болды.
2020 жылдың 3 наурызында Көкшетау қаласының 36 жастағы тұрғыны полицияға арызданған. Тәртіп сақшыларының айтуынша, ол 2019 жылы желтоқсан айында облыс орталығы тұрғынының банктік шотына 4 млн. 200 мың теңге аударған. Бірақ зардап шеккен адам көлік иесімен жеке ешқашан кездеспеген.
Жәбірленушімен мәміленің барлық шарттары телефон арқылы сөз байласумен аяқталған.
Күдікті ер адамға осы сомаға жақын шетелден автокөлік жеткізетінін айтқан. Жәбірленушіден ақша алған соң, алаяқ сатып алушымен байланысқа шықпады.
Жедел–іздестіру іс-шарасы барысында Көкшетау қплплвқ ІІБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері облыс орталығының 41 жастағы тұрғынын анықтады.
Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.