Көкшетауда 7 жылға көлік басқару құқығынан айырылған мас жүргізуші ұсталды
Көкшетауда 7 жылға көлік басқару құқығынан айырылған мас жүргізуші ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
7 желтоқсанда сағат 21:00 шамасында «Әскер-1» автопатруль экипажы Уәлиханов көшесінде облыс орталығының 35 жастағы тұрғынының басқаруымен BMW автокөлігін тоқтатты.
Медициналық куәландырудың қорытындысына сәйкес, жүргізуші орташа дәрежеде мас күйінде болған.
Деректер базасы бойынша тексеру кезінде осы азамат осы жылдың наурыз айында 7 жылға көлік құралын басқару құқығынан айырылғаны анықталды.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қазақстан Республикасы ҚК-нің 346-бабының 1-бөлігі (Көлік құралын жүргізу құқығынан айырылған және алкогольден, есірткіден және (немесе) уытқұмарлықтан масаң күйдегі адамның басқаруы) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.