Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көкшетауда әйел зейнеткердің азық-түлік салынған пакетін ұрлап кетті

Көкшетауда әйел орталық базарда зейнеткердің азық-түлік салынған пакетін ұрлап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

13 қазанда Көкшетау қаласы Полиция басқармасының кезекші бөліміне облыс орталығының 68 жастағы тұрғынының өтініші келіп түсті. Әйел орталық базардан халық тұтынатын тауарларды сатып алғанын және сауда үйлерінің бірінде азық-түлік салынған екі пакетін 5 минутқа қалдырғанын хабарлады.

Қайтып келген ол пакеттердің жоқ екенін көрген. Зейнеткер алдымен ұрланған затты өздігімен табуға тырысқан, бірақ бұл сәтсіз болды. Содан соң ол полиция қызметкерлеріне жүгінді.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдікті 58 жастағы жергілікті тұрғын екені анықталды. Қазіргі уақытта ұсақ ұрлық фактісі бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу мәселесі шешілуде.

Жеке мүлік ұрлығының алдын алу мақсатында полиция қызметкерлері қоғамдық орындарда жеке заттарын қараусыз қалдырмауды сұрайды. Қараусыз қалған заттар ұрылар үшін «оңай олжа» болады, кейде оларды тіпті құқық бұзуға итермелейді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру