Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көкшетауда алтын сататын дүңгіршекті екі қарағандылық тонап кетті

Көкшетауда алтын сататын дүңгіршекті екі қарағандылық тонап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

28 наурызда сағат 13:50-де Көкшетау қаласының Полиция басқармасына Нұр-Сұлтан қаласы тұрғынының орталық базар аумағында тонау туралы телефон хабарламасы келіп түсті. Оқиға орнына дереу жедел-тергеу тобы шықты. Оның құрамына кинологтар мен криминалистер кірді.

Белгісіз адамдар орталық базардағы сауда үйінің бірінде орналасқан зергерлік бутиктен алтын бұйымдар мен ақшаны ашық ұрлап кеткені анықталды. Шығын сомасы бір млн 328 мың теңгені құрады. Оқиға орнынан 30 саусақ іздері, иіс және тоттанған іздер тәркіленді.

Бейнебақылау камераларының жазбалары зерттелді, куәлардан жауап алынды. Қабылданған шаралардың нәтижесінде, полиция қызметкерлері «ізін суытпай» қарақшылық жасауға қатысы бар адамдарды анықтады. Оларды дактилоскопиялық ақпарат пен Жедел басқару орталығының бейне жазбасын зерттеу растады.

Олар бұған дейін бірнеше рет қылмыстық жауапкершілікке тартылған Қарағанды қаласының 33 жастағы екі тұрғыны болып шықты. Ұрлық жасағаннан кейін астанаға бет бұрған күдіктілерді полиция қызметкерлері Көкшетау – Нұр-Сұлтан автожолында бірнеше сағаттан кейін ұстады. Аталған факті бойынша тергеу бөлімі ҚР ҚК-нің 191-бабы 2-бөлігі (Тонау) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру