Көкшетауда бопсалаушылар тобы ұсталды
Көкшетауда бопсалаушылар тобы ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Өткен демалыс күндері Көкшетау қаласында ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес құрылымы, патрульдік полиция және жедел басқару орталығы қызметкерлерінің бірлескен күш-жігерімен бопсалаушылар тобының әрекеті тоқтатылды. Жедел қызметкерлерінің мәліметінше, бопсалау фактісі бойынша өтініш Астана қаласының полициясына түскен. Елорда тұрғыны белгісіз адамдар ұлын заңсыз ұстап, одан 200 000 теңге бопсалап жатқанын хабарлаған.
Полиция қызметкерлері әйелдің берген мәліметі бойынша қаскүнемдердің жүретін көлігін анықтады. 1 наурызда көрсетілген көлік Көкшетау қаласындағы жедел басқару орталығының камераларымен тіркелді. Автокөлік туралы ақпарат дереу патрульдік жасақтарға жіберілді. Көлік тоқтатылып, жүргізуші мен жолаушылары полицияға жеткізілді.
Іс жүргізу барысында бір жолаушыдан 45 түйіншек табылды, олардың синтетикалық есірткі болуы мүмкін. Тәркіленген түйіншіктер сараптамаға жіберілді. Сонымен қатар ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері екі күдіктінің бопсалау фактісіне қатыстылығын тексеріп жатыр.
Барлық фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулер басталды, қажетті тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.