Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көкшетауда ер адам үй төбесінен 5-қабатқа құлап кетті

Көкшетауда ер адам салынып жатқан үйдің төбесінен бесінші қабатқа құлап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

30 қарашада Көкшетау қаласы Полиция басқармасының кезекші бөліміне облыс орталығының 34 жастағы тұрғыны облыстық ауруханаға жеткізілгені туралы хабарлама келіп түсті.

Ер адамға «жабық ми жарақаты, сол жақтағы 6-шы қабырғаның сынуы» диагнозы қойылды.

Жедел-тергеу тобы 30 қарашада зардап шегуші салынып жатқан көппәтерлі бес қабатты үйде жұмыс істегенін анықтады. Белгілі болғандай, ол жұмыс барысында үйдің төбесінен 5-қабатқа құлап кеткен.

Аталған факті бойынша 156-баптың 1-бөлігі (Еңбекті қорғау ережелерін бұзу) бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу басталды. Тексеру жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру