Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көкшетауда кәмелетке толмаған 3 бала моншада иіс тиіп уланды

Көкшетауда кәмелетке толмаған 3 бала моншада иіс тиіп уланды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

23 қазан сағат 20:20-да Көкшетау қаласының тұрғынынан қаладағы монша кешендерінің бірінде кәмелетке толмаған балалардың уланғаны туралы телефон хабарламасы келіп түсті. Көпсалалы облыстық ауруханаға «Химиялық затпен улану» диагнозымен 7, 9 және 17 жастағы үш кәмелетке толмаған бала жеткізілді.

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы ҚК 306-бабының 2-бөлігі (Қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін жұмыстарды орындау, не қызметтерді көрсету) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сот-медициналық сараптамалар тағайындалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру