Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көкшетауда мас жүргізуші Жедел басқару орталығының бейнекамераларына түсіп қалды

Көкшетауда көлік жүргізу құқығынан айырылған мас жүргізуші Жедел басқару орталығының бейнебақылау камераларының объективіне түсіп қалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

25 қыркүйек Көкшетау қаласының ПБ Жедел басқару орталығының қызметкерлері иесі көлік жүргізу құқығынан айырылған көлік ретінде есепте тұрған автокөлікті байқады. Ақпарат жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ететін «Әскер 5» автопатрульінің экипажына дереу берілді.

Аға лейтенант Есмагзамов Аслан мен кіші лейтенант Шваюк Константин Абай көшесінде облыс орталығының 37 жастағы тұрғынының басқаруындағы Volkswagen Golf маркалы автокөлігін тоқтатты. Медициналық куәландырудың қорытындысына сәйкес, жүргізуші «жеңіл дәрежеде» мас күйде болған.
Тексеру кезінде жүргізушінің ағымдағы жылдың қаңтарында 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылғаны анықталды.

Ер адам көлік құралын басқарудан шеттетілді, көлік айыппұл тұрағына қойылды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 346-бабының 1-бөлігі (Көлік құралдарын жүргізу құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру