Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көкшетауда өндірістік жарақаттың кезекті фактісі тіркелді

Көкшетауда өндірістік жарақаттың кезекті фактісі тіркелді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

22 мамырда Көкшетау қаласының Полиция басқармасына облыстық ауруханаға «бас сүйегінің сынуы, оң жақтағы иық буынының сынуы, іштің тұйық жарақаты» диагнозымен облыс орталығының тұрғыны жеткізілгені туралы хабарлама келіп түсті.

Алдын ала тергеу барысында зардап шегуші облыс орталығы кәсіпорындарының бірінде бетон араластырғыш қондырғы операторы болып жұмыс істейтіні анықталды. 40 жастағы ер адам өзінің абайсыздығынан баспалдақтан құлап кеткен.

Аталған факті бойынша Полиция басқармасының тергеу бөлімі ҚР ҚК-нің 156-бабының 2-бөлігі (Еңбекті қорғау ережелерін бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Сот-медициналық сараптама тағайындалды, мемлекеттік еңбек инспекторының қорытындысы жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру