Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көкшетауда отбасылық құндылықтарды нығайтуға арналған іс-шара өтті

«Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясы аясында Көкшетауда маңызды іс-шара өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

9 желтоқсан күні Көкшетау қаласының «РИО» сауда орталығында «Зорлық-зомбылықсыз отбасы» атты іс-шара ұйымдастырылды. Бұл шараны «Шанс» қоғамдық қоры ұйымдастырып, оған Ақмола облысының құқық қорғау органдарының, сот жүйесінің, прокуратура мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты.

Іс-шараның мақсаты – тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және оны болдырмау, әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау, отбасылық құндылықтарды нығайту.

Сауда орталығының қонақтары іс-шара барысында тегін заңгерлік кеңес алып, мемлекеттік қолдау шаралары туралы ақпаратқа қанықты. Сонымен қатар қатысушылар құқықтық сауаттылықтарын арттырып, тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселелерін шешудің тиімді тетіктерімен танысты.

Бұл акция қоғамды тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселелері туралы хабардар етудің маңызды қадамына айналды. Ол адам құқықтарын қорғау мен отбасы институтын нығайту тек жеке адамдардың емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті екенін көрсетті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру