Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көкшетауда ПД-ның ұйымдастыруымен мерекелік концерт өтті

Көкшетау қаласында Қазақстан полициясы күніне арналған мерекелік концерт өтті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Іс-шараны Ақмола облыстық полиция департаменті ұйымдастырып, кешкі демалыс сәтінде қала тұрғындары мен қонақтарын жағымды эмоция мен әуенге толы кешке жинады.

"Жағалау" жағасында өткен шарада полиция департаментінің вокалдық тобы сахна төріне көтеріліп, өздерінің шығармашылық қабілеттерін паш етті. Концерт барысында танымал хиттер мен патриоттық әндер шырқалып, қызмет жолына арналған композициялар мен домбыра сүйемелімен орындалған халық әндері көпшіліктің жүрегіне жол тапты. Ұлттық нақышта өрілген бұл туындылар кешке ерекше әсер беріп, рухани байлық пен салт-дәстүрдің ұштасқан көрінісін ұсынды.

Шамамен бір жарым сағатқа созылған концерт нағыз музыкалық мерекеге айналып, көрермендер әртістермен бірге ән шырқап, би билеп, көтеріңкі көңіл күймен естелік суреттерге түсті. Бұл кеш полиция қызметкерлерінің тек қоғамдық тәртіп сақшылары ғана емес, сонымен қатар өнерге жақын, халқына рухани серік бола алатын жандар екенін тағы бір рет дәлелдеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру