Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көкшетауда полицейлер 15 келіден астам есірткіні жойды

Есірткі заттары 25 қылмыстық іс бойынша тәркіленген, – деп хабарлайды Polisia.kz.

28 қазанда полиция қызметкерлері, сот, прокуратура және Әділет өкілдерінен арнайы құрылған комиссия осы жылы қылмыстық істердің қатысушысынан табылған және тәркіленген есірткілерді өртеу бойынша іс-шара өткізді.

Алдын ала комиссия мүшелері сотта қаралған және заттай дәлелдемелерді жою туралы шешімдер қабылданған қылмыстық істер бойынша салыстырып тексеру жүргізді. Бұл есірткі мен психобелсенді заттардың өзі де, оларды қолдануға арналған құрылғылар да, есірткіні сақтауға арналған әртүрлі контейнерлер мен орауыш материалдар. 15 келі жойылған заттың 3,5 келісінен астамы “синтетика” болып шықты.

Ұсынылған жою актісінен облыс орталығының аумағында есірткі таратумен айналысқан және есірткіге қарсы полицейлерінің ұстау барысында 1,8 келіден астамы «мефедрон» психотроптық заты тәркіленген көрші облыстың тұрғынына қатысты қылмыстық іс бойынша үкім бар.

Барлық жойылатын есірткілерді тәртіп сақшылары күнделікті қызмет барысында, оның ішінде жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу, тінту жүргізу кезінде, азаматтар мен автокөлік құралдарын жеке тексеру кезінде тәркіледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру