Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көкшетауда полицейлер қыркүйек айында жасалған тонау қылмысын ашты

Көкшетауда полицейлер қыркүйек айында жасалған тонау қылмысын ашты, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақмола облысының полиция қызметкерлері көше қылмыстарының алдын алу шараларын күшейту аясында азаматтарға сақтық танытып, бейтаныс адамдарға сенбеуді ескертеді. Құқық қорғау органдары тұрғындарды жеке мүліктерін, соның ішінде ұялы телефондар мен сөмкелерін қоғамдық орындарда мұқият сақтау қажеттігін еске салады.

Биылғы жылдың 14 қыркүйегінде Көкшетау қаласының полиция басқармасына 39 жастағы тұрғын жүгінген. Ол дүкендердің бірінің маңында бейтаныс адамның қоңырау шалу сылтауымен оның Samsung ұялы телефонын иемденіп, оқиға орнынан қашып кеткенін хабарлаған. Жәбірленушіге келтірілген материалдық залалдың мөлшері шамамен 200 мың теңгені құрады.

Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері күдіктінің жеке басын анықтады. Ол — Көкшетау қаласының 34 жастағы тұрғыны болып шықты.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Ақмола облысының полиция департаменті азаматтарды сақтық шараларын қатаң ұстануға, жеке заттарын бөгде адамдарға бермеуге және күмән тудыратын жағдайларда дереу полицияға хабарлауға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру