Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көкшетауда полицейлер жол ережелерін бұзбайтын жүргізушілерді марапаттады

Көкшетауда полицейлер жол ережелерін бұзбайтын жүргізушілерді марапаттады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Көкшетауда полицейлер “Үлгілі жүргізуші" республикалық акциясын қолдап, жылдар бойы жол қозғалысы ережелерін бұзбаған автокөлік жүргізушілеріне салтанатты құрмет көрсетті. Марапаттау рәсімі полиция департаментінде жеке құрамның қатысуымен өтті.

Іс — шараға ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Қанат Жусупов, ПД бастығының орынбасары Серік Әбутәліпов, сондай-ақ көпжылдық апатсыз тәжірибесі бар, жол ережесін бұзбаған мерекенің құрметті қонақтары қатысты. Олардың көпшілігінде ондаған жылдық жүргізуші тәжірибесі бар.

Полиция аталған жүргізушілер тарапынан белсенді азаматтық ұстанымды, тәртіпті және өзара сыйластықты атап өтіп, мұндай акциялар жол қозғалысының қалған қатысушылары үшін ынталандыру екенін атап өтті.

Салтанатты жиында жүргізушілерге алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табысталды. Марапатталғандардың арасында 17 жыл жүргізуші өтілі бар Манарбек Мұхамеджанов деген азамат болды. Ол оның әкесі ешқашан жол ережесін бұзбағандығын, және де ол қазір бұл принциптерді қазір өзі ұстанып жүргенін жеткізді.

Сондай-ақ автокөлікті 15 жылдан бері басқарып келе жатқан Индира Нурабаева ешқашан жауапқа тартылған емес. Жүргізуші ханымды патрульдік полицейлер тоқтатып, оған гүл мен естелік сыйлық берді.

Қоғамдық көлік жүргізушілеріне жоғары жауапкершілік жүктелген. Солардың бірі 40 жыл маршруттық автобуста жұмыс істеген Кенжеғали Ғабдулин болды. Полиция оны жұмыс орнында құттықтады, ал №1 автобустың жолаушылары жылы кездесуге куә болды және үлгілі жүргізушіні қошеметпен қолдады. Жолаушылар осындай кәсіби жүргізушінің арқасында өздерін қауіпсіз сезінетінін атап өтті.

Акцияны ұйымдастырушылар мұндай іс-шараларды өткізу көлік жүргізу мәдениетін арттыруға және әрбір жүргізушінің жол қозғалысы ережелеріне жауапкершілікпен қарауын қалыптастыруға ықпал ететінін айтты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру