Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көкшетауда полиция жоғалған адамды іздеп тапты

Көкшетауда полиция көмек сұраған әйелдің күйеуін тауып берді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция қызметкерлері адамдардың байланысқа шықпауы жақындарының алаңдаушылығын тудыруы мүмкін екенін ескертеді. Артық уайым мен ауқымды іздеу шараларын болдырмау үшін әрдайым отбасыңызға жоспарларыңыз бен қозғалыстарыңыз туралы хабарлап тұру маңызды.

Мысалы  сәуіріде Бұланды ауданының полиция бөліміне Макинск қаласының 42 жастағы тұрғынынан күйеуін іздеуге көмектесу туралы өтініш түсті. Әйелдің айтуынша, оның жұбайы 4 сәуірде таңғы сағат 7:00 шамасында Станционный кентіне (Көкшетау қаласы) жұмысқа кетіп, 6 сәуірде оралуға уәде берген. Алайда, белгіленген уақытта ол үйге оралмады және байланысқа шығуды да тоқтатқан.

Абдырап қалған әйел күтпей, өзі облыс орталығына пойызбен барып, күйеуінің таныстарына және жұмыс берушісіне жүгінді. Алайда оның қайда екенін ешкім де білмеді. Өз күшімен іздестіру нәтиже бермеген соң, әйел полицияға жүгінді.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 9 сәуірде ер адам полиция қызметкерлері тарапынан жалдамалы пәтерден табылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру