Көкшетауда синтетикалық есірткіні жасырын қойып кетумен айналысқан күдіктілер құрықталды
Көкшетау полицейлері синтетикалық есірткіні жасырын қойып кетумен айналысқан екі күдіктіні қолға түсірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жедел ақпаратты іске асыру барысында Ақмола облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Көкшетау қаласының ескі ет комбинаты ауданында есірткінің заңсыз айналымына қатысы бар деген күдікпен облыстың 33 және 35 жастағы екі тұрғынын ұстады.
Облыс орталығының 33 жастағы бұрын сотталған тұрғынын ұстау кезінде 4 грамм мефедрон, психотроптың зат салынған 9 түйіншек тәркіленді. Екінші күдіктіні, яғни Степногорск қаласының 35 жастағы тұрғынын ұстау кезінде жедел қызметкерлерге тыйым салынған затты қалдыруға үлгерген жасырын орынды көрсетті. Ұсталғандар интернетте есірткінің жасырын қоймаларының координаттары мен есірткі сату алгоритмін хабарлаған жетекшінің нұсқауы бойынша әрекет еткендерін түсіндірді.
Әрбір күдіктіге қатысты ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.