Көкшетауда тұрғынды жұмысқа орналастырамын деп сан соқтырған күдікті ұсталды
Көкшетауда тұрғынды жұмысқа орналастырамын деп сан соқтырған күдікті ұсталды, — деп хабарлайды Polisia.kz.
Жұмыс іздеу кезінде тек ресми кадрлық агенттіктерге немесе тікелей ұйымдарға хабарласыңыз. Жұмысқа орналасуға жәрдемдесу туралы уәделері үшін ешқашан жеке тұлғаларға ақша бермеңіз.
Мәселен, Көкшетау қаласының полиция басқармасына жергілікті тұрғыннан алаяқтық фактісі туралы арыз келіп түсті.
Ер адамның айтуынша, ол танымайтын әйел осы жылдың 3 сәуірі мен 31 тамызы аралығында жұмысқа орналасуға көмек көрсету сылтауымен 6 млн теңге көлемінде алаяқтық жолмен ақша қаражатын иемденген.
Алаяқтық жасады деген күдік бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары барысында облыс орталығының 33 жастағы тұрғыны анықталды.
Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Полиция ескертеді: шарт жасаспай жеке делдалдар арқылы жұмысқа орналасуға келіспеңіз, жұмыс берушілер туралы ақпараттың дұрыстығын тексеріңіз, күмән туындаған жағдайда дереу құқық қорғау органдарына хабарлаңыз.
Қаржыңызға сақ болыңыз — алаяқтардың жеке басының пайдасы үшін адамдардың сенімділігін пайдалануы жиі кездесіп тұрады.