Көкшетауда үйсіз ер адам тұрғынның велосипедін айдап кеткен
Көкшетауда үйсіз ер адам тұрғынның велосипедін айдап кеткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Криминалдық полиция қызметкерлері бұрын жасалған қылмыстың бетін ашты. 19 мамырда Полиция басқармасына Көкшетау қаласы 38 жастағы тұрғыны 18 мамыр сағат 19:00-ден 19 мамыр сағат 12:00-ге дейінгі аралықта белгісіз адам көпқабатты үйдің кіреберісінен E-FRIEND велосипедін ұрлап әкеткенін хабарлады. Шығын сомасы 50 мыңды теңгені құрады.
Үйдің подъездінде орнатылған бейнебақылау камерасының, сондай-ақ дүкен жанында орналасқан камералардың жазбаларын зерттеген полицейлер күдіктінің жеке басын анықтады.
19 мамырда сағат 06:00 шамасында белгілі бір тұрғылықты жері жоқ 39 жастағы ер адам подъездің ашық есігін байқап, кіріп, велосипедті ұрлап әкеткен. Біреудің екі доңғалақты көлігімен жүріп өткен ол оны көрші аулада бұталардың арасында қалдырып кеткен. Велосипед иесіне қайтарылды.
ҚР ҚК 188-бабы 1-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.