Көкшетауда ұры орталық базарда ер адамның телефонын қолды қылды
Көкшетауда ұры орталық базарда ер адамның телефонын қолды қылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қылмыс Орталық базар аумағында жасалған. Жәбірленуші Көкшетау тұрғыны «LG» маркалы телефонды дүкен сөресіне бір минутқа қалдырып, тауарларды қараған. Ұры ер адамның ұқыпсыздығын пайдаланып, оның мүлкін иемденіп кеткен.
Кейінірек жәбірленуші затының жоғалғанын байқап, полицейлерге жүгінді. Жедел-іздестіру шараларын жүргізу кезінде криминалдық полиция қызметкерлері күдіктіні анықтады, ол 40 жастағы облыс орталығының тұрғыны болып шықты.
Қазіргі уақытта ұрлық фактісі бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы 1-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.