Көкшетауда велосипедті ұрлап, басқа біреуге сатып жіберген ұры ұсталды
Көкшетауда велосипедті ұрлап, басқа біреуге сатып жіберген ұры ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Көкшетау қалалық ПБ учаскелік полиция инспекторлары Тілек Қожанов пен Жарас Шәкенов ағымдағы жылғы 28 маусымда үйінің ауласынан «Кронус» маркалы велосипед ұрлық туралы келіп түскен хабарлама бойынша оқиға орнына келді. Шығын сомасы 55 000 теңгені құрады.
Учаскелік инспекторлар осы ұрлыққа күдіктіні бір сағат ішінде анықтады. Полиция қызметкерлері жақын маңдағы дүкендерде орналасқан бейнебақылау камераларының жазбаларын зерттеп, ықтимал куәгерлерден жауап алды, қабылданған шаралар нәтижесінде тәртіп сақшылары қаскүнемді анықтады. Ол облыс орталығының 47 жастағы тұрғыны болып шықты.
Күдікті кіреберістің жанында қараусыз қалған велосипедті көріп, оның іс-әрекетін ешкім көрмейтінін пайдаланып, оған көлікті мініп кеткен.
Қылмыстық іс бойынша айыпталушы кінәсін мойындады, ұрланған велосипедті кездейсоқ жолаушыға сатқаны анықталды.
Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ұрланған велосипед сатып алушыны тауып алып, одан бөтен мүлікті тәркіледі. Аталған факті бойынша Көкшетау қаласы ПБ тергеу бөлімі ҚР ҚК 188-бабы 1-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі іс басталды. Күдіктіге қатысты «келу міндеттемесі» іс жүргізу мәжбүрлеу шарасы таңдалды.
Велосипедінен айырылып қалмау үшін полиция қызметкерлері иелерін өз мүлкін сақтау үшін шаралар қабылдауға шақырады: тіпті егер сіз қысқа уақытқа кетсеңіз де, велосипедті көшеде, баспалдақтарда немесе үйдің ауласында қараусыз қалдырмаңыз.
Велосипедті қоршауға, таянышқа немесе кез келген басқа конструкцияға бекіте отырып, оның сенімділігі мен орнықтылығына көз жеткізу керек. Велосипед сатып алғаннан кейін құжаттарды сақтауды және екі доңғалақты көліктің сериялық нөмірін жазып алуды ұсынады.