Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көкшетауда Жедел басқару орталығының инспекторы суицидтің алдын алды

Көкшетаулық ЖБО инспекторы суицидтің алдын алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жедел басқару орталығы инспекторларының полицияға жүгінгендер үшін нағыз психолог немесе құтқарушы болуға тура келетінін барлығы жақсы біледі. Көбінесе адамдар полицияға қиын жағдайда немесе не істерін білмеген кезде жүгінеді, олармен диалог жүргізу үшін, ең алдымен, оларды тыныштандыру керек. Азаматтардың әрқайсысын тыңдау, оқиға туралы толығырақ ақпарат жинау – оператордың басты міндеті.

«102» операторлары психикалық тұрақтылыққа ғана емес, сонымен қатар психологтың дағдыларына да ие болуы керек. Әдетте олар қоңырау шалушыны тыныштандырып, қажетті ақпаратты жинау үшін оның есін жинатуы керек.

Дәл осындай оқиға 8 ақпанда Көкшетау қаласының ПБ ЖБО «102» операторы Айнұр Жақыпованың басынан өтті. Таңғы сағат 08.08-де «102» арнайы желісіне егде әйел хабарласқан. Хабарласқан әйелдің байланыс нөмірі бірден анықталмаған. Дауысы қатты қобалжыған әйел шұғыл түрде учаскелік полиция қызметкерін жіберуді сұрады. Полиция қызметкері бір нәрсе болғанын бірден түсінді. Айнұр оған сұрақ қоя бастағанда, әйел жылап, көмек сұраған. Жалғызбасты әйел жалғыздықтан өзіне қол жұмсауға дейін барған. Ол полицейге қазір біреумен сөйлесу керек екенін, әйтпесе ол өзіне бірдеңе істейтінін айтқан. Әңгіме барысында полиция қызметкері жәбірленушінің мекен-жайын анықтап, Айнұр сол жерге полиция қызметкерлерін жіберген. Тәртіп сақшылары әжейге бара жатқанда, инспектор онымен сөйлесуді жалғастыра берген.

– Стресске төзімділік біздің жұмысымызда ерекше маңызға ие. Мұнда қызметкерлер мұқият таңдалады. Алдымен емтихан тапсырамыз, содан кейін психологпен сұхбаттасу керек. Әдетте, бізге қоңырау шалатын адамдар күйзеліске ұшыраған адамдар. Көбі айқайлайды. Психикалық ауытқулары бар адамдар да бар. Біз олардың әрқайсысын тыңдап, болған оқиға немесе туындаған жағдай туралы мүмкіндігінше көп ақпарат жинауға тырысуымыз керек. Қоңырау қабылдау кезінде жүйе қоңырау шалушының нөмірін автоматты түрде анықтайды. Оператор онымен сөйлесу барысында оқиғаның санатын анықтайды және оқиғаның мекен-жайы мен оның сипаты көрсетілетін электрондық картаны толтыруды бастайды. Осы уақытта әңгіменің аудиожазбасы жүргізіледі. Әдетте картаны стандарттар бойынша толтыру үшін бес минутқа дейінгі уақыт кетеді. Егер әңгіме қиын болса және қоңырау шалушы қажетті ақпаратты бірден айтпаса немесе нақты психологиялық көмекке мұқтаж болса, әңгіме ұзаққа созылуы мүмкін, – деді Айнұр Жақыпова.

Бақытымызға орай, учаскелік полиция инспекторы әжейге уақытында жетіп, бірден қажетті көмек көрсетілді. Қарт әйелдің туыстары құтқарушыға алғысын ведомствоның Instagram-дағы аккаунтына жазды. Сондай-ақ әжейдің туыстары ол туралы деректерді жарияламауды өтінді.

Егер алғыс болмағанда бұл оқиға туралы ешкім де білмес еді. Полиция инспекторының тиімді жұмысының арқасында бір адамның өмірі құтқарылды.

– Мен таңқаларлықтай үлкен іс жасадым деп ойламаймын. Мен тек өз жұмысымды орындадым. Әрине, адамның өмірін ештеңемен салыстыруға болмайды. Мен азаматтардың өмірі мен қауіпсіздігі біздің жұмысымызға тікелей байланысты деп санаймын, – дейді жас қызметкер.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру