Көкшетауда жоғалып кеткен кәмелетке толмаған қыз табылды
Көкшетауда бұрын жоғалып кеткен жасөспірім қыз жұмыс істемейтін лагерь аумағынан табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Көкшетау қаласының полиция басқармасына жергілікті тұрғынның 17 жастағы қызы Тойбазар Лейланы іздеуге жәрдемдесу туралы өтініші келіп түскен болатын, ол 7 қыркүйекте сағат 15:00 шамасында үйден белгісіз бағытта шығып кеткен.
Жоғалған қыздың орналасқан жерін анықтау үшін полицейлер қаланың камера жазбаларын, қыздың әлеуметтік желілердегі байланыстарын, сондай-ақ жасөспірімнің болу және қоныс аудару орындарын зерттеді.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында кәмелетке толмаған бала Зеренді ауданының Мүсірепов атындағы лагерінің аумағынан табылды.
7 қыркүйек сағат 15:00 шамасында жасөспірім үйден шығып, жол көлігімен Зеренді қаласына қарай бет алғаны анықталды. Қыздың айтуынша, ол бұрын осы лагерьде демалыста болған.
Кәмелетке толмаған баланы ювиналдық полиция қызметкерлері мен қамқоршылары Көкшетау қаласына жеткізді. Жасөспірімге қатысты ешқандай заңсыз әрекеттер жасалмағаны анықталды.