Көкшетаудың тұрғыны Ақмола полицейлеріне көмек көрсеткені үшін алғысын білдірді
Көкшетаудың тұрғыны Ақмола полицейлеріне көмек көрсеткені үшін алғысын білдірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Полиция департаментінің бастығы Думан Таевтың атына Ақмола полицейлері – Серіков Данияр мен Албаков Азаматқа алғыс хат келіп түсті. Хаттың авторлары – Көкшетау қаласының құрметті тұрғыны, еңбек ардагері, Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісінің үздігі, еңбек сіңірген дәрігер Тадеуш Владиславович Янковский және оның жұбайы, көп жылдық тәжірибесі бар педагог Раиса Ивановна.
23 қаңтарда сағат 12:30 шамасында Қуанышев-Пушкин көшелерінің қиылысында зейнеткердің көлігі кенеттен тоқтап қалған. Раиса Ивановнаның айтуынша, көліктер көшеде үздіксіз ағынмен жүріп жатқан. Өтіп бара жатқан жүргізушілер көмектесуге асықпаған.
– Бір мезетте А.Албаков және Д.Серіковтың қызметтік көлігі келді. Өте сыпайы түрде жағдайды сұрады, – деп хатта көрсеткен.
Тәртіп сақшылары ақаулықтың себебін анықтап, көлікті сүйреп, қарт адамдарды үйлеріне аман-есен жеткізді. Полиция қызметкерлері істен шыққан көлікті аулаға қойып, ерлі-зайыптылардың жүгін бесінші қабатқа көтеріп берген.
– Нағыз ер азаматтар, өз саласының мамандары. Біздің тәртібіміздің қамқоршылары, – деп түйіндеді Раиса Ивановна.
Патрульдік полиция батальоны қызметінің инспекторлары қиын жағдайға тап болған азаматтарға көмек көрсету олардың күнделікті жұмысының бір бөлігі болғанын айтады.
– Біздің басты міндетіміз – азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Біз әрқашан мұқтаж жандарға көмекке келуге дайынбыз, – деді Данияр Серіков.