Көкшетаулық ерлі-зайыптылар жылқыларын тауып берген полицейлерге алғыс айтты
Көкшетаулық ерлі-зайыптылар жылқыларын тауып берген полицейлерге алғыс айтты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Көкшетау қаласының Полиция басқармасының қызметкерлері Зеренді саяжайының тұрғындарының жоғалған жылқыларын іздеп, далада екі тәулік бойы жүріп өтуге тура келді. Төрт жылқының жоғалғанын мал иелері 1 наурызда біліп, бірден полицияға жүгінді.
Арнайы құрылған іздеу топтары жақын маңдағы жерлерді аралап, келесі күні түстен кейін жоғалған жылқыларды полиция басқармасының учаскелік инспекторы және жедел уәкілі Садовое ауылының жанында тапты.
Умурзаковтар отбасы оларға тиесілі жылқыларды табуға белсенді қатысқан Досым Жапаровқа, Сәкен Сүлейменовке, Атығай Ораловқа, Борис Толгуровқа және басқа да полиция қызметкерлеріне өздерінің шынайы алғыстарын білдірді.
– Іздеу кезінде бір тәулікке жуық біздің қасымызда болған, сөздерімізді жерге тастамаған және малымызды іздеуге көмектескен адал қызметкерлердің алдында бас иеміз. Жұмыста табыс, отбасыларының амандығын тілейміз, – деп жазды Умурзаковтар өздерінің Instagram парақшасында.