Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көкшетаудағы тергеу изоляторында Наурыз мерекесі атап өтілді

Көкшетау қаласының тергеу изоляторында Наурыз мерекесіне орай іс-шаралар өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мекеменің тәрбие бөлімінің қызметкерлері арнайы контингентке қазақ халқының салт-дәстүрлерін ұлықтауды насихаттайтын деректі фильм көрсетті.

Тергеу изоляторында ұсталатын адамдар мерекеге орай шағын концерт дайындаған. Іс-шара барысында сотталғандар мен тергеуге қамалған азаматтарға сыйлықтар табыс етілді. Сондай-ақ олар мереке құрметіне әзірленген дастарханнан дәм татты. 

– Наурыз мейрамын тойлау-елдің, халықтың мәдени мұрасының бір бөлігі. Бұл мереке жаңғырудың және жаңа өмір бастаудың жақсы мүмкіндігі, – деді мекеме бастығы Абзал Дуанбаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру