Көкшетаулық ЖШС-нен 8 миллион теңге ұрланды
Көкшетаулық полицейлер жергілікті ЖШС-ның бірінде 8 млн. теңгеге жуық ақшаны жымқыру бойынша істі тергеуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ағымдағы жылғы 21 сәуірде сағат 19.30-да Көкшетау қ. ПБ кезекші бөліміне жергілікті ЖШС бірінің 35 жастағы директорынан 2019 жылдың маусымынан 2021жылдың сәуіріне дейінгі кезеңде ЖШС бухгалтері ЖШС-нің 8 млн. теңгеге жуық ақша қаражатын ысырап еткені туралы арыз келіп түсті.
Аталған факті бойынша тәртіп сақшылары ҚР ҚК 189-бабы 3-бөлігі (Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе ысырап ету) бойынша сотқа дейінгі іс жүргізуді бастады.
Алдын ала мәліметтер бойынша, 39 жастағы әйел 2019 жылдың басында дайын шарап-арақ өнімдерін сатумен айналысатын осы ЖШС-ға бухгалтер болып жұмысқа орналасқан. Әрбір ақша аударымымен ол ақшаны өз шотына жіберген.
Қазіргі уақытта сараптама тағайындалды, нәтижелері бойынша шешім қабылданып, іс сотқа жіберіледі. Әйел өз кінәсін мойындады.
Мойындау айғақтары бар.