Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көкшетаулық жүргізуші СҚО полицейлеріне жолда жедел көмек көрсеткені үшін алғыс білдірді

Көкшетаулық жүргізуші СҚО полицейлеріне жолда жедел көмек көрсеткені үшін алғыс білдірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері жүргізушіге жолдың көктайғақ болу қаупін ескертеді. 30 қараша күні таңертең Астана – Петропавл автожолының 363-шақырымында орналасқан Келлеровка ауылының маңында Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Дмитрий Кравченко мен Арман Оралов Көкшетаудан Петропавл бағытына қарай темір құбырлар тиеп бара жатқан ГАЗель автокөлігі жол жиегіне шығып қалғанын көреді. Жүргізуші жаңбырдан кейін пайда болған мұздың кесірінен рөлге ие бола алмай, жол жиегіне шығып қалған. Тәртіп сақшылары жол пайдалану учаскесінің мамандарынан көмек сұрап, ауыр техниканы ұсынды. Көп ұзамай автокөлік жолға шығарылды. Полицейлер көлікті жолға шығару кезінде қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, шашылған жүкті жинауға көмектесті.

Жүргізуші Сұлтанбек Ғазизов полиция қызметкерлері мен жол қызметінің қызметкерлеріне жедел көмек көрсеткені үшін шын жүректен алғысын білдірді. Зақымданған ГАЗель жөндеуден өту үшін Көкшетауға дейін тіркеуге алынды.

Полицейлер жүргізушілерден қала сыртындағы жолдарда қырағылық танытуды, метеорологиялық болжамдарды назарға алуды және жолда жүру ережелері талаптарын қатаң сақтауды сұрайды. Ауыспалы ауа райы жағдайында көктайғақ пайда болуы мүмкін, сондықтан да жылдамдықты төмендету және көлік құралдары арасындағы арақашықтықты ұлғайту қажет. Кенеттен жылдамдықты асыру немесе тежеуді болдырмау керек, бұл басқаруды жоғалтуға әкелуі мүмкін.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру