Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көксу ауданына бекеттер қойылды

Алматы облысының Көксу ауданы бекеттермен қоршалды, – деп хабарлайды Polisia.kz. 

Тәртіп сақшылары қоғамдық тәртіпті, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ азаматтармен карантин режимінің барлық белгіленген нормаларын сақтау бойынша дұрыс үгіт-насихат жүргізу шараларын алдын ала қабылдауда. Алайда, Алматы облысы Көксу ауданының кейбір тұрғындары тәртіпті елемей, белгіленген режимді бұзуда. Құқық бұзушыларға айыппұл салынуда, ал жекелеген кей жағдайларда әкімшілік қамаққа алу жазасы берілуде.

«Алматы облысының бас санитарлық дәрігерінің қаулысы күшіне енген сәттен бастап аудан аумағында мобильдік және санитарлық бекеттер құрылды. Айнабұлақ станциясы маңындағы Алматы-Өскемен тас жолының 200 километрінде, сондай-ақ автожолдың 243 километрінде карантиндік бекеттер орналастырылды. Тәулігіне бір бекетке 4 қызметкер жұмылдырылған. Карантин енгізілген уақыттан бастап 176 әкімшілік хаттама толтырылды. Олардың 105 – і сотқа жіберіліп, 24 азаматқа қатысты әкімшілік қамауға алу туралы шешім шығарылды, ал 7 азаматқа әкімшілік айыппұл салынып, 74 азамат ескерту алды», – деп хабарлайды Көксу АПБ бастығы Рамиль Гимадиев.

Сонымен қатар, Көксу ауданының полицейлері қатты дауыстағыш құрылғылар арқылы тұрғындарға вирустың қауіптілігі және карантин режимін бұзған жағдайда қандай жаза қолданылатындығы туралы үндеулерін жеткізуде.

«Бекеттерге тартылған барлық қызметкерлер жеке гигиена құралдарымен толық қамтамасыз етілген», – деп толықтырды  Гимадиев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру