Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көлігі бұзылып, жолда қалған қызылордалық тұрғын полицейлерге алғысын білдірді

Қызылорда қаласының тұрғыны әлеуметтік желілер арқылы патрульдік полиция ротасының қызметкерлеріне жолда көрсеткен көмегі үшін алғысын білдірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2020 жылдың 18 қазанында «Шымкент-Самара» тас жолында Қызылорда облысы ПД патрульдік полиция ротасының инспекторлары Ербол Сатанов пен Жаппарбек Нұрқожа жол жиегінде бұзылып тұрған «Лада Гранта» маркалы автокөлігін байқап тоқтаған.

Полицейлер аталған көліктің жүргізушісіне көлігін жөндеуге көмектесіп, ол әрі қарай жолын жалғастырған.

Полиция қызметкерлерінің өзіне көрсеткен қамқорлығы мен ілтипатына, әрі практикалық көмегіне риза болған облыс тұрғыны полицейлерге әлеуметтік желілер арқылы алғысын білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру