Көлігін жөндетіп, ақысын бермей жүрген 60 жастағы қызылордалық ұсталды
Көлігін жөндетіп, ақысын бермей жүрген 60 жастағы қызылордалық ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
9 қараша күні 43 жастағы автокөлік жөндеу орталығының басшысы Қызылорда қалалық Полиция басқармасының “102” арнасына хабарласып арызданды. Ол өз арызында 7 қараша күні ер адамның Toyota Camry 30 маркалы автокөлігін жөндеуге әкеліп, қызметкерлерге автокөлігін жөндетіп алып, қаражатын 1 сағаттан соң әкеліп беремін деп алдап кеткенін көрсеткен. Жөндеу орталығына келтірілген шығын 500 мың теңгеге жуық.
Көп ұзамай арызданушы жақ ешқандай нәтиже көрмей, ақшаларын қайтаруды талап етеді. Бірақ алаяқ азамат құрғақ уәдемен ауыз толтырып, алған ақшаны қайтаруға еш асықпады.
Қылмысты ашу барысында қалалық Полиция басқармасының қызметкерлерінің жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде 60 жастағы қала тұрғыны құрықталды.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 190-бабының 1-бөлігі (Алаяқтық, яғни бөтеннің мүлкін жымқыру немесе алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен бөтен мүлiкке құқықты иемдену) бойынша таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде.