Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көлігінен көкнар түптері табылған жүргізуші ұсталды

Түркістан облысының полицейлері көлігінде көкнар түптері бар жүргізушіні ұстады және есірткі егістігін жойды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жедел-іздестіру іс-шарасы барысында Келес ауданының полиция қызметкерлері жолдардың бірінен Сарыағаш қаласы тұрғынының басқаруындағы “Lada” маркалы автокөлігін тоқтатты. Жедел уәкілдер автокөлікті тінту кезінде жолаушылар орындығының астынан өзіне тән хош иісі бар 37 түп есірткі өсімдіктерін тауып, тәркіледі.

Жүргізілген сараптамаға сәйкес, алынған түптер жалпы салмағы 60 гр болатынкептірілген көкнәртүптері болып шықты. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 296-бабы “Есірткі құралдарымен, психотроптық заттармен, олардың аналогтарымен сату мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу бойынша Келес АПБ-нің СДТТБТ-не тіркелді. Күдікті қолхатта.

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері ер адамның құрамында есірткі заты бар түптерді қандай мақсатпен сақтап, өз көлігінде тасымалдағанының себебін анықтауда.

Ал, Сарыағаш ауданының тәртіп сақшылары жергілікті тұрғынның үйінен табылған кезекті есірткі егістігін жойды. Анықталғандай, Сарыағаш қаласының тұрғыны өз ауласында қарасораға ұқсас құрамында есірткі заты бар өсімдік түптерін заңсыз өсірген. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Сарыағаш АПБ қызметкерлері күдіктіден екі түп қарасораны алып, сараптамаға жіберді. Сараптама қорытындысына сәйкес, алынған түптер жалпы салмағы бес келіден асатын қарасора екені анықталды.

Күдіктіге қатысты ҚР ҚК-нің 300-бабы “Құрамында есірткі заттары бар өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру” бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Түркістан облысының полицейлері өз кезегінде тұрғындарға құрамында есірткі бар өсімдіктерді заңсыз сақтағаны, сатқаны және өсіргені үшін қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік туралы ескертеді. Тәртіп сақшылары облыс тұрғындарын салауатты өмір салтын ұстануға және зиянды әдеттерден бас тартуға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру