Көлігіне Z белгісін жапсырып алған шымкенттік жүргізуші жауапқа тартылды
Көлігіне Z белгісін жапсырып алған шымкенттік жүргізуші жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
2 наурызда патрульдік полиция полкінің қызметкерлері жұмыс барысында С.Бәйтереков көшесінің бойында артқы әйнегінде Z белгісіндегі жапсырмасы бар көлік жүргізушісін тоқтатты. Тұрғынға бұл әрекеттің заңсыз екендігі түсіндірілді.
Аталған жайт бойынша Kia Soul көлігінің жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабының 5-бөлігімен (Көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу) әкімшілік хаттама толтырылды.
Бапқа сәйкес осы құқық бұзушылық бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.